OpenAI o1
| OpenAI o1 | |
| Авторы | |
|---|---|
| Ашылған уақыты | |
| Қазіргі статусы |
жұмыс істеп тұр |
OpenAI o1 — генеративті алдын ала оқытылған трансформерлік модель (GPT). o1 алдын ала нұсқасы 2024 жылғы 12 қыркүйекте OpenAI тарапынан шығарылды. Модель жауап берер алдында «ой жүгіртуге» уақыт жұмсайды, бұл оны GPT-4o-мен салыстырғанда күрделі пайымдау, ғылыми және бағдарламалық тапсырмаларда қабілетті ете түседі.[1] Толық нұсқасы 2024 жылғы 5 желтоқсанда ChatGPT пайдаланушыларына қолжетімді болды.[2]
Тарихы
Алғышарттар
Бейресми ақпаратқа сәйкес, o1 бұған дейін OpenAI ішінде алдымен «Q*», кейін «Strawberry» атауларымен белгілі болған.[3] «Q*» кодтық атауы алғаш рет 2023 жылғы қарашада, Сэм Альтман қызметінен уақытша шеттетіліп, кейін қызметіне қайтарылған кезде аталды; сол уақытта бұл эксперименттік модельдің математикалық тесттерде үміт күттірерлік нәтижелер көрсеткені туралы сыбыстар тарады.[4] 2024 жылғы шілдеде Reuters OpenAI «Strawberry» деп аталатын генеративті алдын ала оқытылған трансформерлік модельді әзірлеп жатқанын хабарлады; кейін ол o1 атауын алды.[3]
Шығарылымы
«o1-preview» және «o1-mini» үлгілері 2024 жылғы 12 қыркүйекте ChatGPT Plus және Team пайдаланушыларына қолжетімді болды.[1] Сол күні GitHub o1-preview үлгісін Copilot қызметіне енгізуін бастап тестіледі.[5] 2024 жылғы 5 желтоқсанда o1 үлгісінің толық нұсқасы шығарылды.[6]
Мүмкіндіктері
OpenAI мәліметінше, o1 үлгісі жаңа оңтайландыру алгоритмі, арнайы іріктелген деректер жиынтығы және оқытуды күшейту әдісін біріктірген оқу процесі арқылы дайындалған.[7] 2025 жылғы қаңтардан бастап o1 толық үлгісінің API-қолданылуы әзірлеушілер үшін шектеледі және 5-деңгей бағасымен тарификацияланады.[8] OpenAI o1 үлгісі GPT-4o моделін алмастырмайтынын, керісінше оны толықтыратынын мәлімдеді.[9][10]
o1 қосымша «ойлану» уақытына (пайымдау тізбегін генерациялауға) ие, бұл оны күрделі тапсырмаларды, әсіресе ғылым мен математика саласындағы есептерді орындауда неғұрлым тиімді етеді.[1]
Шектеулері
o1 жауап беруден бұрын ұзын пайымдау тізбектерін генерациялайтындықтан, OpenAI-дың өзге GPT үлгілеріне қарағанда көбірек есептеу ресурсын талап етеді.[11]
Дереккөздер
- ↑ a b c Metz, Cade OpenAI Unveils New ChatGPT That Can Reason Through Math and Science. The New York Times (12 қыркүйек 2024).
- ↑ Introducing OpenAI o1.
- ↑ a b Exclusive: OpenAI working on new reasoning technology under code name 'Strawberry'. Reuters (15 шілде 2024).
- ↑ OpenAI researchers warned board of AI breakthrough ahead of CEO ouster, sources say, Reuters (23 қараша 2023).
- ↑ Peters, Jay GitHub has started testing OpenAI's o1-preview in GitHub Copilot.. The Verge (12 қыркүйек 2024).
- ↑ Robison, Kylie. OpenAI is charging $200 a month for an exclusive version of its o1 'reasoning' model, The Verge (5 желтоқсан 2024).
- ↑ Robison, Kylie OpenAI releases o1, its first model with 'reasoning' abilities (ағыл.) (12 September 2024).
- ↑ OpenAI o1 and new tools for developers (ағыл.).
- ↑ Knight, Will. "OpenAI Announces a New AI Model, Code-Named Strawberry, That Solves Difficult Problems Step by Step" (in en-US). Wired. ISSN 1059-1028. https://www.wired.com/story/openai-o1-strawberry-problem-reasoning/. Retrieved 2024-09-15.
- ↑ New reasoning models: OpenAI o1-preview and o1-mini (ағыл.) (12 September 2024).
- ↑ Learning to Reason with LLMs.